Темір жетіспеушілік анемия балаларда

Темір жетіспеушілік анемия балаларда thumbnail

Утратил силу — Архив

Также:
P-P-005

Республиканский центр развития здравоохранения

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)

Версия: Архив – Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Категории МКБ:
Другие железодефицитные анемии (D50.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

Анықтамасы
Организмде темір тапшылығынан болатын, оның келіп түсуінің бұзылыстары, сіңірілуі немесе патологиялық жоғалуынан гемоглобин концентрациясының төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай.

Клиникалық белгілер сидеропениялық синдромдармен сипатталады: эпителиалды бұзылыстар (тері, тырнақ, шаш, шырышты қабықтың трофикалық бұзылыстары), дəм сезімі мен иіс сезудің бұзылуы, астениялық-вегетативтік бұзылыстар, ішекте сіңу процестернің бұзылуы, дисфагия жəне диспептикалық өзгерістер, иммунитеттің төмендеуі.
ДДҰ ұсыныстарына сай:
– 6 жасқа дейінгі балалардағы гемоглобин нормасының төменгі шегін 110 г/л, Ht=33;
– 6-12 жасар балаларда – 115 г/л, Ht=34;
– 12-13 жасар балаларда – 12 г/л, Ht=36 болып есептелуі керек.

Хаттама коды: P-P-005 “Балалардың теміртапшылықты анемиясы”
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

D53 Тамақтанумен байланысты өзге анемия.

D50 Теміртапшылықты анемия.

Мобильное приложение “MedElement”

– Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

– Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение “MedElement”

– Профессиональные медицинские справочники

– Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

Жіктемесі
 

Этиологиясы:

1. Темірдің бастапқы жеткіліксіз деңгейінде ТТА (темір тапшылықты анемия) (шала туылған егіздердің қан аздығы).

2. Нутритивті (немесе алиментарлы) ТТА.

3. Жұқпалы немесе жұқпалы-алиментарлы генезді ТТА.

4. Темірдің резорбционды жеткіліксізідігіндегі ТТА (мальабсорбция синдромы жəне т.б синдромы);

5. Созылмалы қан ағудан кейінгі ТТА.
 

Ауырлық дəрежесі бойынша:  жеңіл, орта, ауыр.
 

Патогенезі бойынша: жіті қан ағудан кейінгі, созылмалы.

Қауіп-қатерлі факторлар

Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Жүкті əйелдер анемиясы.

2. Нəрестенің шала туылуы.

3. Тиімсіз тамақтану.

4. АІЖ аурулары.

5. Ішек құрттық инвазия.

6. Қан ағу.

7. Төмен əлеуметтік жағдай.

Диагностика

Диагностика критерилері
 

Астеновегетативті синдром:  əлсіздік, бас айналу, талмалар, жүректің қатты соғуы, ентікпе, бұлшықеттік əлсіздік.

Сидеропениялық синдром: терінің құрғақтығы мен атрофиясы, 

тырнақтар мен шаштың сынғыштығы, шаштың түсуі, дəм сезудің өзгеруі, тамақпен бірге бор, тіс пастасы, саз, шикі дəн, шикі кофе, күнбағыстың тазартылмаған дəндерін пайдалануға құмарлық, иіс сезінудің өзгеруі, бензин, ацетон, əк иісіне құмарлық.

Неврологиялық бұзылыстар: бас ауыру, параестезиялар, қатты тағамдарды жұтудың

бұзылуы, зəрді ұстай алмау.
 

Физикалық тексеру: тері жəне шырышты қабық бозаңдығы, терінің құрғақтығы мен сызаттары, ангулярлы стоматит, ауыз бұрыштарындағы сызаттар, тырнақтар қалыңдайды жəне дөңес болады, тілдің қызаруы, тіл емізіктерінің атрофиясы.
 

Иснструменталдық зерттеулер: Асқазан-ішек жолдары мен кеуде клеткалары ағзаларын рентгенологиялық зерттеу, ЭФГДС, ФКС, ректороманоскопия, құрсақ қуысын, бүйректі, қалқанша безді УДЗ.
 

Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
– гастроэнтеролог – асқазан-ішек жолдары ағзаларынан қан кету;
– стоматолог – қызыл иектен, мұрыннан қан кету;
– онколог – қан кету себебі болып табылатын қатерлі зақымданулар;
– нефролог – бүйрек ауруларын алып тастау;
– фтизиатр – туберкулез кезіндегі қан кетулер;
– пульмонолог – бронх-өкпе жүйесінің аурулары кезінде қан жоғалту;
– гинеколог – жыныс ағзаларынан қан кету, гиперполименорея, жиі жүктілік;
– эндокринолог – қалқанша без функциясының төмендеуі, диабеттік нефропатияның болуы;
– проктолог – ректальді қан ағу;
– инфекционист – гельминтоз белгілері болса.
 

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Жалпы қан анализі (6 параметр).

2. Гемоглобинді анықтау.

3. Ретикулоциттерді анықтау.
 

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. ЭКГ.

2. Жалпы темірмен байланыстыратын қабілетті анықтау.

3. Гастроэнтеролог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер

Лабораторлық зерттеулер: 5 жастан кіші балаларда, ТТА қандағы гемоглобин концентрациясында 110 г/л-ден аз немесе гематокрит деңгейінде 33%-тен аз анықталады.

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагноз
Теміртапшылық анемиясы гемоглобин синтезінің бұзылыстарымен шақырылған басқа гипохромдық анемиялармен жүргізіледі. Оларға порфирин синтезінің бұзылыстарымен байланысты анемиялар (қорғасындық уланулар кезіндегі анемия, порфириндердің туа пайда болған бұзылыстары кезінде), сонымен қатар

талассемия жатады. Гипохромдық анемиялардың, теміртапшылық анемиялардан айырмашылығы – олар гем (сидероахрезия) түзу үшін пайдаланылмайтын, қандағы жəне деподағы темірдің жоғары құрамымен жүреді, бұл аурулар кезінде темірдің тіндік тапшылық белгілері болмайды.

Порфириндердің синтезі бұзылыстарымен шартталған анемияның дифференциалды белгілері болып, эритроциттердің, ретикулоциттердің базофильді пунктациясымен, сидеробласттардың көптеген сандарымен сүйек кемігіндегі күшейген эритропоэзбен гипохромды анемия болып табылады. Талассемия үшін эритроциттердің нысана тəрізді формасы мен базофильді пунктациясы, ретикулоцитоз жəне жоғарылаған гемолиз белгілері тəн.

Читайте также:  Общий анализ крови при анемиях и лейкозах

Емдеу тактикасы

Емдеу тактикасы
 

Ем мақсаты: гемоглобин жəне гематокрит деңгейін қалыпты деңгейіне көтеру. 
Темір дəрі-дəрмегін қабылдап жатқан науқасқа əр 10-14 күн сайын серпінді бақылау жүргізеді. Гемограмманы қалыпқа келтіргеннен соң, ферротерапия қолдаушы дозада (1-2 мг/кг/тəу) депонирленген темірдің (реабилитициялық ем) пулын толтыру үшін тағы да 2-3 ай жалғастырылады. Мұнымен бірге, диспансерлік бақылау айына 1 рет, содан кейін тоқсан сайын жүргізіледі. 6-12 айдан кейін клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің қалпына келгеннен соң, бала диспансерлік бақылаудан шығарылып, бірінші денсаулық тобынан екіншісіне ауыстырылады.
 

Дəрі-дəрмексіз ем: 6 айына  дейін нəрестені тек емшек сүтімен тамақтандыру ұснылады.

Емшекпен емізілетін ТТА ауыратын балаларға 6 айдан бастпа темір дəрі-дəрмегін қабылдау ұсынылады.

Жасанды жолмен тамақтанатын көп балаларға қатты тамақ қабылдағанға дейін (12 айға дейін) темірмен байытылған қоспамен тамақтандыру керек. ТТА алдын алу үшін ата-анамен тиімді тамақтану бойынша оқыту мен кеңес беруді жүргізу қажет.

Мерзіміне жетіп туылған балалар ТТА ауруына (НЬ и Ht деңгейін тексеру) 6 айдан, ал шала туылған балалар 3 айдан кешікпей тексерілуі керек. ТТА анықталған балалар темір-тұз* темірінің, бір компонентті жəне комбинациялардың, 20 мг/мл темір тұзы мен аскорбин қышқылы бар оралды ерітінділерді 1 бал-дан, немесе күніне 1-2 дражеден, фолий қышқылымен күніне 1 табл. 3 реттен қабылдау керек.

Темір дəрі-дəрмегі тəулігіне 3 мг/кг салмағы есебінен гемоглобилиннің қалпына келгеніне дейін, реабилитациялық ем- 1-2 мг/кг салмағы 2-3 айдан кем емес уақытқа тағайындалады.

Пероральді препараттарға тұрақтылық кезде, сонымен қатар темір деңгейін тез жəне тиімді қалпына келтіру мақсатында күніне 1 рет жеке таңдаумен темір декстраны III (100 мг / 2 мл) тағайындалады.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. **Тұздың темірі, біркомпонентті дəрі-дəрмектер жəне тұз темірінің 20 мг/мл – дан артық құрамы бар комбинирленген дəрі-дəрмектер.

2. Сульфат моногидрат темірі 325 мг, табл.

3. **Аскорбин қышқылы 50 мг, 100 мг, 500 мг табл.; 50 мг драже;

4. Фоль қышқылы 1 мг табл.

5. Темір декстраны III (100 мг / 2 мл) бұлшықет ішіне енгізу үшін, амп.
 

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  Элементарлы темір дəрі-дəрмегі 30-60 мг табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: клиникалық белгілердің регрессі, гемоглобин деңгейінің, эритроциттердің, түсті көрсеткіштің, сарысулық темірдің артуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 

** – Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Госпитализация

Госпитализациялауға көрсетімдер: Клиникалық – зертханалық көрсеткіштерді 2 апта бойы қалпына келтірілмеуі.

Профилактика

Профилактикалық шаралар
 

Емдік курс аяқталғаннан кейін, элементарлы темір дəрі-дəмрмегін ауруды алдын алу мақсатымен, 6 ай бойы аптасына бір рет қабылдау ұсынылады:
 

Жасы

Элементарлы темір дəрі-дəрмегінің

Дозасы (мг)

6-12 ай Элементарлы теімрдің 30 мг сиропы немесе 3 мг/кг
12-18 ай 60 мг

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:

Темірмен байытылған тамақтану (қоспа). Тағайындалған емнің нəтижелігін растау үшін,ТТА ауыратын барлық кіші жастағы балаларда ТТА ауруын емдегеннен 4 аптадан кейін НЬ и Ht қайта анықталуы керек. Тағайындалған емге оң нəтиже байқалса (гемоглобилиннің 10 г/л жоғары немесе тең, Ht 3%-ке немесе одан көп ұлғаюы), немесе бұл көрсеткіштер қалыпқа сай болса, ем тағы 2 айға жалғастырылып, содан кейін темірдің тағайындалуы тоқтатылуы тиіс.

Жүргізілетін емнің оң нəтижесінің болмауы немесе 10 г/л төмен гемоглобилиннің ұлғайылуында, ал Ht 3%-тен төмен ұлғаюын, дəрігер қан аздықтың басқа мүмкін болатын себептерін науқасты гематологқа жіберуі арқылы анықтауы тиіс.

Орташа немесе ауыр түрдегі ТТА ауыратын төмен жастағы балалар (НЬ 90 г/л төмен немесе 27% аз Ht) гематологтан кеңес алуы керек.

ТТА ауруына шалдығу қауіп факторлары бар 6-дан 12-ге дейінгі жастағы балалар (өмір сүрудің немесе тамақтанудың нашар жағдайы) қайталамалы скринингті талап етеді.

Жасөспірім қыздар ТТА-ға зерттелуі керек, тегі болмаса, бір рет 15 жəне 25 жас арасында зерттелуі керек. Қауіп-қатерлі факторлар болмағанда (нашар тамақтану, етеккірдің көп мөлшерде келуі, донорлық жəне т.б) немесе ТТА диагнозының анамнезде болуы едəуір жиі срининг қажет (əр жыл).

Саусақтан алынған перифириялық қан анализінің негізінде ТТА-на күдік туса, ТТА болуын венадан алынған қанның анализімен растау керек. Жасөспірім қыздарға қан аздық 120 г/л төмен гемоглобин деңгейінде, Ht-36% төмен анықталады.

Көрсетілген шектен 20 г/л төмен гемоглобин концентрациясында, жасөспірімдер элементарлы темірдің емдік дозасын – күніне екі рет 60 мг алуы керек (жалпы доза темірдің 120 мг), бұдан басқа, дұрыс тамақтануды үйрету қажет. Дəрігер тағайындалған емнің нəтижелігін 1 айдан кейін тексеруі керек. Егер нəтиже болымсыз немесе тіптен болмаса (гемоглабиннің ұлғаюы 10 г/л-ден аз; немесе Ht 3 бірліктен аз ұлғаюы), клиницист қан аздықтың басқа мүмкін болатын себептерін науқасты гематологқа жіберу арқылы анықтауы керек. Қабынулық немесе жұқпалық процестердің болу кезінде төмен концентрациясы немесе гематокриттің көлемі организмде темірдің таратылуының бұзыу нəтижесі ТТА дамуын дəлелдей алады, жəне де қосымша емді қажет етеді.

Читайте также:  Анемия что это презентация

Темір дəрі-дəрмегі тағайындалуының оң нəтижесін алғанда, ем гемоглобин концентрациясының 120 г/л жетуіне дейін жалғастырылуы керек, бұдан кейін темір дозасы аптасына 120 мг дейін төмендетіліп, 6 айға созылуы қажет.

Ауыр түрдегі ТТА көбінесе жасөспірім қыздарға тəн емес жəне темір тапшылығы мұндай қан аздықтың себебі сирек болады. Аурудың дамуы туралы толық ақпарат, оның ішінде, тамақтану сипты, тереңірек зерттеу мен қосымша зертханалық анализдер (жалпы қан анализі, Сарысулық темір, трансферрин құрамы, ферритин концентрациясы, ретикулоциттер саны, жалпы белок, жалпы билирубин жəне оның фракциялары) толық ТТА дəлелдеу үшін керек.

Жасөспірім қыздарға ТТА алдын алу үшін теңгерілген тамақтану ТТА дамуын тоқтатып, темір дəрі-дəрмегінің тағайындалуының алдын алады. Сондықтан, ет пен аскорбин қышқылына бай азық-түлікті (азық түліктен алынатын темірдің сіңірілуін ұлғайту үшін) тұтынуға ерекше көңіл беру керек, тамақтанғанда, шай мен кофені ішпеу қажет.

Жасөспірім қыздарда көптеген микроэлементтік жеткіліксіздігінің жоғары қауіптілігінде таблетка құрамында 30 г-ге жуық темір бар темірмультивитаминдік- минералдық дəрі – дəрмекті тағайындау керек.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 – 2007, №165 – 2012)

    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер:
      1. Клиническое руководство по скринингу, профилактике и лечению железодефицитной анемии. Ташкент 2004, 68 с.
      2. PRODIGY Guidance – Anaemia – iron deficiency Clinical Practice Guidelines, 2005
      3. Screening for Iron Deficiency. Anemia—Including Iron Prophylaxis. Clinical guidelines
      4. Iron Deficiency Anaemia. Assessment, Prevention and Control. A guide for programme
      managers.

Ақпарат

Əзірлеушілер тізімі: м.ғ.д., проф. Имамбаева Т.М., ҚазҰМУ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

Если вы не являетесь медицинским специалистом:

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
     
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях “MedElement (МедЭлемент)”, “Lekar Pro”,
    “Dariger Pro”, “Заболевания: справочник терапевта”, не может и не должна заменять очную консультацию врача.
    Обязательно
    обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
     
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может
    назначить
    нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
     
  • Сайт MedElement и мобильные приложения “MedElement (МедЭлемент)”, “Lekar Pro”,
    “Dariger Pro”, “Заболевания: справочник терапевта” являются исключительно информационно-справочными ресурсами.
    Информация, размещенная на данном
    сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
     
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший
    в
    результате использования данного сайта.

Источник

Темір жетіспеушілік анемия ұғымы.

Материалды бастамас бұрын, алдымен толықтай анемия жайлы материалды қарап шығыңыз. Кейін бірақ осы темір жетіспеушілік анемияны оқуға кеңес береміз.

Теміртапшылықты анемия (ТТА) — қан сарысуында, сүйек миында, деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия.

Темірдің тапшылығынан гемнің және құрамына темір кіретін ақуыздардың синтезі бұзылады. Темірдің тапшылығы екі түрлі бұзылысқа әкеледі — сидеропенияға және анемияға. Гемоглобин синтезінің бұзылысынан анемия дамыса, миоглобиннің және құрамына темір кіретін ферменттердің синтезінің бұзылысынан сидеропениялық синдром пайда болады. Сидеропениялық синдром анемияның көрінісінен бұрын дамиды, бірақ науқас оның белгілерін елеместен жүре береді.

темір жетіспеушілік анемия

Теміржетіспеушілік анемия — жер бетінде кең тараған патологиялық үрдіс, оның саны барлық анемиялардың 80-95% құрайды. Онымен ауыратын көбіне әйелдер, мәселен, жүкті әйелдердің және 16-17 жастағы қыздардың 60-65% осы ауруға шалдығады.

Жіктелуі

  • Созылмалы постгеморрагиялық ТТА
  • Ювенилді  анемия
  • Ауырлық дәрежесі бойынша:
  1. Жеңіл НЬ 90-110 г/л дейін;
  2. Орташа НЬ- 70-90 г/л;
  3. Ауыр НЬ<70г/л
  • Кезеңідері бойынша: прелатентті, латентті,  ТТА өзі
  • Түсті көрсеткіш бойынша: нормохромды (0,85-1,05) , гипохромды(<0,8)  гиперхромды (>1,05).
  • Эритроциттер өлшемдері бойынша:
  1. Нормоцитарлық  Д- 7,2-8,0мкм
  2. Микроцитарлық  Д< 7.2 мкм
  3. Макроцитарлық  Д>8,1мкм
  4. Мегацитарлық  Д >9,1 мкм
Читайте также:  Повышение железа при анемии

Темір жетіспеушілік анемияның басты себептері

Қан жоғалтуға әкелетін жағдайлар:

  • асқорыту    жолдарының    аурулары    (асқазан, 12-елі ішектің эрозиялары, жаралары, асқазанның, ішектің рагы; өңештің рагы; диафрагманың жарығы, жаралы колит, Крон ауруы; геморрой; асқорыту жолының ангиомалары, телеангиоэктаздары);
  • өңеш, асқазан, тік ішек веналарының варикозды кеңеюі (бауыр циррозы, Бадда-Киари синдромы);
  • макро-, микрогематурия (Берже ауруы, алкогольдік нефропатия,
    гломерулонефриттер,  несептас ауруы,  қуықтың рагы,  бүйрек туберкулезі, т.б.);
  • қан   қақыру,   өкпеден   қан   кету   (бронхоэктаз   ауруы,   өкпе туберкулезі, өкпенің рагы);
  •  мұрынның жиі қанауы (гипертониялық криздер т.б.);
  • геморрагиялық диатездар (тромбоцитопения, гемофилия) және гемобластоздар;
  • мено -, метроррагиялар (анабезінің дисфункциясы, фибромиома, жатырдың рагы, эндометриоз, аборттар, полименоррея т.б.);
  • донорлық (400-500 мл қан тапсырғанда онымен 250мг темір кетеді);
  • гельминтоз.

Темір сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар:

  • асқорыту  жолының  аурулары   (жіңішке   ішектің  резекциясысозылмалы   энтерит,   Крон   ауруы,   ішек   амилоидозы,   өзге себептерден болатын мальабсорбция);
  • қою шайға әуесқойлық (шәйдің құрамындағы танин темірдің
    сіңірілуін бөгейді);
  • гипотиреоз.

Темірдің көп мөлшерде жұмсалуына әкелетін жағдайлар:

  • улануға әкелетін аурулар (бүйректің, бауырдың шамасыздығы);
  • Қатерлі ісіктің барлық түрлері;
  • жүктілік және лактация;
  • организмнің тез өсуі.

Темірдің туа біткен тапшылығы:

  • көп балалы, темір тапшылығы бар анадан туылу.

Темірдің тамақпен аз түсуі:

  • ет тағамдарын тұтынбау (вегетариаңдықтар, дұрыс тамақтануға материалдық жағдайы келмейтіндер, тісі жоқ қариялар).

Темір тапшылық анемияның клиникалық көрінісі

Әлсіздік, бас айналуы, көз алдында щыбын-шіркейлерді көрі. Талмалар болуы мүмкін, ентікпе, шаштары сынғыш, түседі және тырнақтын сынғыштығы (кейді қасық тәрізді ішке ойылуы). Тәбеттің бұрмалануы, кейде науқастар жерді, шикі ет, қамыр, мұзды жейді.  Иіс сезу бұрмалануы: керасин, зәр, ацетон.  Түңгі диурез болуы мүмкін. Обьективті : тері сары – бозғылт. Температура субфебрильді, жүрек шекарасы  сол жаққа ығысуы. Кейде тілдің шырышты қабатының атрофиясы байқалады және кариес дамуы ықтимал. Сидеропениялық синдром: шаш түсуі, тырнақ сынғыштығы, тері құрғақтығы

Зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері.

  • Теміртапшылықты анемияның дамуында, шарты түрде, екі сатыны айырады. Біріншісінде, темір қорының азая бастауынан жасырын және айқын сидеропенияның белгілері пайда болады; екінші сатыда, ауырлай түскен сидеропенияның көрінісіне теміртапшылықты анемияның көріністері қосылады.
  • Қанның сарысуындағы темірдің  мөлшері.   Қалыпты көрсеткіші 12,5-30,4   мкмоль;   темірдің тапшылығында   1,8-5,4 мкмоль/л дейін төмендеуі мүмкін.
  • Плазманың   темірді   жалпы   байланыстыру   қасиеті   (немесе сарысудың жалпы трансферрині). Қалыпты көрсеткіші 30,6-84,6 мкмоль/л; теміртапшылықты  анемияда бұл көрсеткіш жоғарылайды;
  • Ферритиннің    мөлшері.     Қан    сарысуындағы    ферритиннің мөлшерінен   организмдегі   темірдің   қорын   бағалайды.   Оның қалыпты көрсеткіші еркектерде 106 ± 21,5 мкг/л, әйелдерде 65 ± 18,6 мкг/л. Теміртапшылықты анемияда ферритиннің мөлшері 10 мкг/л төмен болуы мүмкін.
  • Десферал   сынамасымен   темір   қорының   мөлшерін   бағалау. Десферал — темірмен байланысып, зәрмен бөлінетін зат. Сау адамдарда 500мг десфералды енгізгеннен кейін, тәулігіне 0,8-1,3мг  темір  бөлінеді,  ал  теміртапшылықты  анемияда  бөлінетінтемірдің мөлшері 0,4 мг кем.

Госпитализациясы

  • Теміржетіспеушілік анемиямен ауырған адам ЖТД (жалпы тәжірбиелік дәрігер) немесе терапевттің қарауында болады.
  • 6 ай бойы есепте тұрады.
  • Жеңіл дәрежесінде 1 жыл ішінде, ауыр дәрежесінде – квартылына  1 рет қаралуға келуі керек.
  • Ай сайын қан анализін тапсыру, 10 күнде 1 рет геммоглобинды тексеру қажет.

Темір жетіспеушілік анемия емі

  • Диетотерапия.
  • Қан алмастыру (көрсеткіш бойынша)
  • Дәрі-дәрмектік ем (темірі бар препараттар)
  • Витаминотерапия
  • Темір препаратының емінде қажетті мөлшерінде және ұзақтылықта емдеу.

этапты ем:

  1. тежеуші терапия- анемиялық синдромды жою.  Емдеу курсы орташа ұзақтығы 3-5 апта.
  2. Қанығу терапиясы-депоға темір толуы мақсатымен өткізіледі. Ұзақтығы 1.5-2 ай.
  3. Рецидивке қарсы терапия.  ТТА науқастарға темір препараттарын ай сайын 7-10 алдын-алу дозасы (250мг/тәулік).

Ферротерапия: (Ғе2+)= 100-300мг еківалентті темір препараттарының екі күндік дозасы

Ішке қабылдауға арналған Ғе2+ препараттары:

  • Ферроплекс (күніне10-15 драже)
  • Ферроградумент (күніне1-2 табл.)
  • Тардиферон (күніне 2 табл)
  • Конферон (1-2 капс.х 3рет күніне)
  • Актиферрин (1 капсх 2-3 рет күніне)

Парентеральді енгізуге арналған препараттар (преоральді препараттарды көтермегенде, асқазан-ішек жолының ауруларында, Ғе сіңірілуінің бұзылыстарында):

  • Феррумлек (күніне 5,0 мл)
  • Фербитол
  • Эктофер

Гемотрансфузиялар (тек өмірлік көрсеткіштер бойынша: гипоксимиялық кома, гемодинамиканың ауыр бұзылыстары, операцияға дайындық) Ферротерапия: (Ғе2+)=100-300мг еківалентті темір препараттарының екі кундік дозасы.

Сонымен қатар материал соңында анемия және жүктілердегі анемия жайлы оқи кетіңіз

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Темір жетіспеушілік анемия балаларда

Автор публикации

Темір жетіспеушілік анемия балаларда 974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Комментарии: 0Публикации: 995Регистрация: 01-10-2014

Загрузка…

Источник